
Неліктен шамдар күндізгі уақытта жанып тұрады және мұндай жағдайларда қайда жүгінү қажет?
Шамдарды күндізгі қосу жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне байланысты, қаланың сыртқы жарықтандыру желілерін қалпына келтіру және түнгі кезекшілік кезінде анықталған ақауларды жою үшін жүргізіледі.
Күндізгі уақытта жанып жатқан шамдар анықталған жағдайда, «Алматы Қала Жарық» МКК диспетчерлік қызметіне 300-75-41, 300-75-42 телефондары арқылы хабарласыңыз, өтінімдер тәулік бойы және демалыссыз қабылданады.
Сондай-ақ, көше шамдарын өшіру туралы «Алматы Қала Жарық» МКК-ның Instagram және Facebook парақшаларына жазу арқылы хабарлауға болады.
• www.instagram.com/almatykalazharyk
• www.facebook.com/AlmatyKalaZharik
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі