
Дәрі-дәрмекке деген сұраныстың артуына байланысты қала әкімдігі, жеткізушілер мен дәріхана желілері өзара келісімге қол қойып, нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектің 41 түрі дереу жеткізілетін 105 дәріхана белгіленді. Осының арқасында дәрі-дәрмекті жеткізу, оның бағасын көтермеу мен бір қолға үш қаптамадан артық дәрі бермеу мәселелері ретке келтірілуде. Аталған препараттар мен термометрлердің әрбір түрі бойынша 105 дәріханада күнделікті сату көлемі мен қанша қалғанына мониторинг жүргізіледі.
Голосов пока нет