Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы бойынша 23 мыңға жуық алматылық жұмысқа орналасты: ақысы төленетін жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға және кәсіптік оқытуға қалай жазылу керектігі туралы мәліметтер

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев халықты жұмыспен қамту, атап айтқанда жастарды жұмысқа орналастыру мәселелерін шешуге ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта Алматыда халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ қаланың 6 ауданында Жастар ресурстық орталықтары жұмыс жасап жатыр.

Жалпы, жыл басынан бері Алматыда «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 22 995 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Оның ішінде уақытша жұмыс орындарына-13 691 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына — 1087 адам, қоғамдық жұмыстарға-11 276 адам, жастар тәжірибесіне-1328 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда Алматы қаласында 15 599 бос жұмыс орнына 11 060 хабарландыру бар. Бос орындар бойынша ақпаратты еңбек биржасының enbek.kz электронды порталынан алуға болады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.