Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй: Алматыда өтінім қабылдау жалғасуда

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы 2020 жылғы 5-20 қаңтар аралығында Алматы қаласының 29 жасқа дейінгі жастарынан «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Жұмыс істейтін жастарға тұрғын үйді сатып алу құқығынсыз жалға беру» бағыты бойынша өтініштер мен құжаттарды қабылдайды.

Өтініштер мен құжаттар www.almaty-jastary.kz сайты арқылы қабылданады. Авторизация сайтта электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі. Оны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тан (ХҚКО) алуға болады.

Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер Алматы қаласы шеңберінде тұрғын үйлердің түсуіне байланысты 5 жыл мерзімге беріледі (пулдар бойынша). Қазіргі уақытта Алатау ауданындағы 255 пәтерден тұратын үшінші пул бар.

Бағдарламаға қатысу үшін қойылатын негізгі талаптар:

  • 29 (жиырма тоғыз) жасқа толмаған, жалпы білім беретін мектептердің және (немесе) техникалық және кәсіптік және (немесе) орта білімнен кейінгі және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асырып жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады;
  • Алматы қаласында тұрғылықты жері бойынша соңғы 2 (екі) жылдан кем емес тұрақты тіркелуін растау (осы қалада тұрғын үй алуға үміттенетін адамдар үшін);
  • Орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын авариялық жағдайдағы, құлау қаупі бар (қирау) тұрғын үйді қоспағанда, өтініш берушінің, жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының өтініш беру алдында 2 (екі) жыл ішінде меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің жоқтығын растау;
  • Соңғы алты ай ішіндекемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайынғы табыстың болуы (101 мың теңге);
  • банкте жинақ шоттың болуы.

Өтініш берушілердің тізімі ұпай жүйесін (ең көп ұпай саны бойынша) есепке алумен жасалады. Ұпайлардың берілу критерийлері, сондай-ақ қажетті құжаттар тізімі жоғарыда көрсетілген сайтта орналастырылған.

Бағдарлама қатысушылары өтініш пен құжаттарды тапсырғаннан кейін өтініштің қарастырылу нәтижесін жоғарыда көрсетілген сайттағы жеке кабинеттен өздері бақылап отыруы қажет.

Анықта телефоны: +7(727)2251452, +7(727)225143, +7(727)2251457

Ақпарат көзі: Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.