Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жетісу ауданының бюджеті 3 есеге ұлғайды

Бүгін Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесіп жатыр.

Әкімдіктерге жаңа функцияны беру аясында барлық ауданда қаржыландырудың ұлғаюы орын алды. Алматы қаласының Жетісу ауданының бюджеті 3 есеге жуық, 18,1 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл штаттық қызметкерлер санын 19 адамға арттыруға мүмкіндік берді.

Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты. Бюджеттің ұлғаюы 1 сәуірден бастап жүргізіліп жатқан орталықсыздандыру аясында аудан әкімдіктеріне 15 функцияны берумен қатар орын алды.

"Мысал ретінде, орталықсыздандыру аясында Жетісу ауданының әкімдігі биыл 500 млн сомаға 30 мың шаршы метр жолға осы жылы жөндеу жұмыстарын жүргізеді", – деп атап өтті әкім.

 

Дереккөз: Almaty.tv

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.