Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жетісу ауданында су басу мәселесі өзекті болып отыр - Ерболат Досаев

Қалада тұрақты су басатын 56 учаскенің 8-і Жетісу ауданында орналасқан.

Қала әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы халқымен кездесуінде ауданды су басу мәселесі әлі өзекті болып отырғанын айтты.

Қала әкімінің айтуынша, қалада тұрақты су басатын 56 учаскенің 8-і Жетісу ауданында орналасқан.

"Осы 8 учаскені су басу мәселесін шешу үшін қала әкімдігі төтенше жағдайлар желісі бойынша осы жылдың тамыз айында 7,2 км арық салу, 2,2 км коллекторларды қалпына келтіру және Есентай каналының 2,5 км бөлігін тазарту жұмыстарын бастады. Жұмыстарды жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр", - деп мәлімдеді мегаполис басшысы.

Оның айтуынша, ауданның өз күшімен биылғы жылдың маусым айында 27 мекенжайдағы арық желісінің өткізу қабілетін жақсарту үшін 4,4 км арық желісін жаңғырту жұмыстары басталды. Қазірдің өзінде 3,2 км арық салынды. Қалған 1,2 км осы жылғы қазан айының соңына дейін аяқталатын болады.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.