Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жетісу ауданында арық жүйелері жөнделеді

Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты.

Биыл жыл соңына дейін 7 мекенжай бойынша арық жүйесін жөндеу жұмысы аяқталады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Ерболат Досаев тұрғындармен кездесу барысында айтты.

Оның айтуынша, аудан қаланың төменгі бөлігінде орналасуына байланысты су басу жиі болып тұрады.

«Олардың ішінде Рысқұлов даңғылы, Райымбек даңғылы, Алматы-2 вокзалы және т.б. Райымбек даңғылындағы су бұру коллекторы қалпына келтіріледі. Бұл мегаполистің жоғарғы жағынан жаңбыр ағынын азайтады. Толық шешу үшін ұзындығы 26,5 км 27 көше бойынша арық желілері мен коллекторларды салу және реконструкциялау бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Аудан әкімдігі ұзындығы 4,3 км 27 учаске бойынша арықтарды жөндеуді жоспарлап отыр. "Айнабұлақ-1, 2, 3, 4", "Көкжиек" пен "Құлагер" шағынаудандарындағы және Брюсов, Жансүгіров көшелерінің арықтарын  жөндеу қарастырылған», - деді Ерболат Досаев.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

 

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.