Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жетісу ауданында 700-ден аса бейнебақылау камерасы орнатылады

Қала әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында, сол ауданда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылаулар орнатылатынын айтты.

«Жетісу ауданында адамдар көп жиналатын орында бейнемониторинг жүйелерінің желісін кеңейту жобасы бойынша жыл соңына дейін қосымша 750 камера орнату жоспарлануда. Сонымен қатар 2023 жылдың I тоқсанында 85 «Сергек» кешенін орнату аяқталып, аудандағы бейнекамералар саны 171-ге жеткізілді (889 бейнекамера: оның ішінде желілік - 133, көше қиылыстарында - 38)», – деді қала әкімі.

 

Дереккөз: Almaty.tv

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.