Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жер сілкінісі кезінде жанармай құю стансасына жоламаған жөн — сейсмолог

Өйткені, жойқын жер сілкінісі жағдайында қайталама факторлар — жарылыстар, өрттер болуы мүмкін.

Төтенше жағдай кезінде жанармай құю стансасына бару қауіпті. Бұл туралы брифинг барысында Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев айтты.

Мамандар жер сілкінісі кезінде жанармай құю стансасына бармаған жөн деп есептейді.

Өйткені, жойқын жер сілкінісі жағдайында қайталама факторлар — жарылыстар, өрттер болуы мүмкін.

«Қандай да бір себеппен біздің азаматтар ресми дереккөзден алынған мәліметтерге сенбейді. Ең алдымен ресми ұйымдарға — ТЖД, құтқару қызметі, жергілікті атқарушы органның мәліметіне сенуге шақырамын. Адамдар көрші чаттарына емес, өз ісімен айналысатын мамандарға сенуі керек. Біздің міндетіміз — журналистермен бірлесіп азаматтарға ресми деректерді жеткізу. Қоғамда төтенше жағдайларға ден қою мәдениетін енгізу қажет», — дейді Дәулет Сәрсенбаев.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

23 қантар 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.