Көпір үстінде көлік қозғалысы 23 маусым мен 8 шілде аралығында шектеледі.
Жол жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 23 маусым мен 8 шілде аралығында Жаяу Мұса көшесіндегі Рысқұлов даңғылы мен Түркістан көшесін байланыстыратын көпір үстінде көлік қозғалысы толық шектелетін болады.
Аталған жұмыстардың жүргізілуіне байланысты келесі бағыттардың сызбасына да уақытша өзгерістер енгізіледі:
№69 – шығыс бағытта – Құлжа тракті – Бұқтырма к-сі – бұрылу – Құлжа тракті – Тараз к-сі – Жаяу Мұса к-сі – Соңғы пункт Қайрат-Оңтүстік шғынауданы.
Батыс бағытта - Соңғы пункт Қайрат-Оңтүстік шағынауданы - Жаяу Мұса к-сі – Тараз к-сі - Құлжа тракті - әрі қарай сұлба бойынша.
№137 – шығыс бағытта – Рысқұлов даңғылы - Құлжа тракті - Бұқтырма көшесі - бұрылу - Құлжа тракті - "Жетісу" базары.
Батыс бағытта - "Жетісу" базары – Құлжа тракті – Рысқұлов даңғылы - одан әрі сұлба бойынша.
«Аталған аймақта орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», – деді басқарма өкілі.
Дереккөз: Almaty.tv.