Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жастар арасында КВИ жұқтыру 35,5% көбейді: Алматы әкімдігі тұрғындарды карантин шараларын сақтауға шақырады

Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау жөніндегі 40 мониторингілік топ жұмысын жалғастыруда. Бұл коронавирус инфекциясының жаппай тарауына әкелуі мүмкін эпидемиологиялық талаптардың бұзылуын болдырмау үшін қажет.

Үстіміздегі жылдың 20 наурызы мен 29 сәуірі аралығында белгіленген шектеулерді бұзудың 714 дерегі анықталды. Анықталған нысандардың жалпы санынан — 492 мейрамхана, дәмхана және дүкен, 93 компьютерлік клуб, 15 бильярд клубы, 43 СПА-салон, 26 сауна, 2 кальян бары, 20 караоке клубы, 9 лото клуб, 1 букмекерлік кеңсе, 15 түнгі клуб. 3288 адамға әкімшілік жауапкершілік туралы хаттама толтырылды.

Алматы әкімдігі карантин шараларын — бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауды жалғастыруға шақырады. Эпидемиологтардың мәліметі бойынша, бүгінгі күні Алматыда 20-39 жас аралығындағы жастар арасында КВИ жұқтыру анағұрлым жоғары, мұнда аурумен сырқаттану 34,8%-дан 35,5%-ға дейін көбейген.

Осыған байланысты, қала тұрғындары барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды күшейтуі қажет. Мегаполисте COVID-19-ға қарсы вакциналау жүріп жатыр: міндет — Алматы тұрғындарының 60-75%-ында ұжымдық иммунитет қалыптастыру. Алматы әкімдігі 18 жастан асқан барлық тұлғаларды егу пунктінен тегін вакцина алуға шақырады, Алматыда мұндай пунктердің саны бүгінде 200-ден асады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.