Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Жаңа жеңістер: Алматы құрама командасының қоржыны 55 медальмен толықты

Оқушылардың республикалық зерттеу жобалары байқауының қорытындысы бойынша Алматы құрама командасының қоржыны 15 алтын, 20 күміс және 20 қола медальмен толықты.

Байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен 900-ден астам 8-11 (12) сынып оқушысы бақ сынасты. Олар 19 секция бойынша 700-ден астам жоба ұсынды. Жарыс 3-7 сәуір аралығында Google Meet платформасында онлайн форматта өтті.

Байқау ережесіне сәйкес, жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальмен қоса I, II, III дәрежелі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломымен марапатталды. Жарыстың тағы 7 қатысушысына ерекше жетістігі үшін грамота берілді.

 

Дереккөз: DKNews

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.