Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 210 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 001 бала бар. Стационарларда 3 803 науқас жатыр. 10 427 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 246 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 31 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 36 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
2020 жылғы 8 желтоқсандағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
Өткен тәулікте 18 жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 76 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 43 124, өлім жағдайлары - 456, барлығы 31 032 адам сауығып шықты.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК