Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 000 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 912 бала бар. Стационарларда 3 560 науқас жатыр. 10 440 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 229 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 34 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 29 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
2020 жылғы 4 желтоқсандағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
Өткен тәулікте 225 жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 64 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 42 680, өлім жағдайлары - 448, барлығы 30 792 адам сауығып шықты.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК