28 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 22 480 адам короновирус инфекциясынан (10 358 КВИ+ және 12 122 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 058 пациент стационарда, 17 422 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 245 адамның жағдайы ауыр;
• 48 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 42 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
2020 жылғы 28 желтоқсандағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
Бір тәулік ішінде 27 жағдай тіркеліп, 54 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 45 442, өлім жағдайлары - 490, барлығы 32 830 адам сауығып шықты.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК