Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 816 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 781 бала бар. Стационарларда 3 276 науқас жатыр. 8 540 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 208 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 31 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 30 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
2020 жылғы 27 қарашадағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
Өткен тәулікте 161 жағдай тіркелді, 5 жағдай өліммен аяқталды. Бір тәулік ішінде 73 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 41 756, өлім жағдайлары - 439, барлығы 30 362 адам сауығып шықты.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК