Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 11 386 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 644 бала бар. Стационарларда 3 225 науқас жатыр. 8 161 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 200 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 30 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
2020 жылғы 23 қарашадағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
Өткен тәулікте 44 жағдай тіркелді. Бір тәулік ішінде 27 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 41 203, өлім жағдайлары - 427, барлығы 30 086 адам сауығып шықты.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК