Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 541 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 468 бала бар. Стационарларда 2 991 науқас жатыр. 6 550 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 227 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 24 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
2020 жылғы 18 қарашадағы жағдай бойынша COVID-19 белгілері бар пневмониямен сырқаттанушылар жөніндегі дерек
Өткен тәулікте 268 жағдай тіркелді. Бір тәулік ішінде 85 адам жазылып шыққан.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
Науқастар саны – 40 488, өлім жағдайлары - 421, барлығы 29 719 адам сауығып шықты
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК