Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, тәртіп пен тазалықты сақтау мақсатымен Р-22 "Алматы-Космостанция" күре жолында (15-34 шақырымдары аралығы) көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Қызметтік міндеттемелерді орындау үшін жүріп өтуге рұқсат етіледі (бекітілген тізімге сәйкес және тек қызметтік автокөлікпен):
- Ұлттық саябақ қызметі;
- шекара заставасы;
- "Космостанция" ғылыми базасы;
- метеорологиялық және гидрологиялық қызметтер;
- Алматы қаласының туризм басқармасы.
Айта кету керек, осыдан бір ай бұрын ғана жеке көліктердің ҰАК көтерілу шектеуі алынып тасталған еді.
Дереккөз: Almaty.tv.