Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Әуезов ауданында жаңа амбулатория салынып жатыр

Бүгінде жұмыстардың 35%-ы аяқталды.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімі Әуезов ауданы халқымен кездесуінде мәлімдеді.

"Алдыңғы кездесулерде айтқанымдай, 18-емханаға адамдар шамадан тыс көп тіркелген. Осы емхана жүктемесін азайту үшін Мамыр-1 шағынауданында бір ауысымда 200 адамды қабылдайтын  отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынып жатыр (мердігер ұйым – «Шах» ЖШС). Бүгінде жұмыстардың 35%-ы аяқталды, құрылысты 2023 жылдың I-тоқсанында бітіру жоспарланған", - деді мегаполис басшысы.

Сондай-ақ әкім Қуаныш шағынауданында бір ауысымда 300 адам қабылдайтын № 18 емхананың негізгі ғимаратын салу жұмыстары жүріп жатқанын айтып өтті. Жуырда сатып алу үшін жер учаскесінің бағасы шығады, ендігі мәселе – құнын жердің иесімен келісу.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.