Сумен жабдықтау желілеріндегі апаттық жағдайлар салдарын жою жұмыстарына байланысты, 26 қыркүйек күні сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін Әуезов ауданындағы Мамыр – 1 – 7 шағын ауданында, Саин – Жандосов-Яссауи-Шаляпин көшелерінің шаршысында; Достық шағын ауданында, Пригородная-Шаляпин- Яссауи-Паклиевский көшелерінің контурында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттарға, сондай-ақ №173,176 мектептерге, № 172 балабақшаға су беру уақытша тоқтатылады;
Апаттық - қалпына келтіру жұмыстарын орындау кезеңінде сумен жабдықтау арнайы автоцистерналармен тасымалдау арқылы жүзеге асырылатын болады.
Апаттық жағдайды жою жұмыстарына 3 бірлік техника жұмылдырылды
Уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Диспетчерлік қызмет телефоны: 274 66 66
Дереккөз: "Алматы Су" МКК.