Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Түрксіб ауданында жаңа мектеп салынады

Жұмыстар келесі жылы IV тоқсанда аяқталады.

Қала әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесу барысында ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту мәселелері туралы айтты.

Ерболат Досаевтың айтуынша, аудандағы оқушы орындарының тапшылығы қаладағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі (1748 орын, Алмалы ауданынан кейінгі ең төменгі көрсеткіш), бірақ ауданда құрылыс қарқынды жүріп жатқандықтан жаңа мектептер салып, бар мектептерді мүмкіндігінше кеңейтуге ниетті.

«Өткен жылы «Қайрат» шағынауданында 1 500 орындық №211 мемлекеттік мектеп-гимназия салынып бітті. Ол өз жұмысын қыркүйек айында жаңа оқу жылынан бастайды», – деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде осы жылдың II жартыжылдығында Түрксіб ауданында 6 400 орындық 4 мектептің құрылысы басталады. Жұмыстар келесі жылы IV тоқсанда аяқталады.

«Сондай-ақ 1050 орындық 2 мектепке қосымша ғимарат салу (450 орындық №195 орта мектеп, аяқталуы – 2023 ж. қыркүйек, 600 орындық №198 орта мектеп, аяқталуы – 2023 ж. қыркүйек), №83 гимназия филиалын реконструкциялау (басталуы – 2023 ж. ақпан, аяқталуы – 2023 ж. қазан) және № 50 орта мектеп ғимаратын сейсмикалық күшейту жобалануда (басталуы – 2023 ж. ақпан, аяқталуы – 2023 ж. желтоқсан)», – деді қала әкімі.

Қазіргі уақытта №70 арнайы балабақша ғимаратын сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталуда, ашылуы II-ші тоқсанға жоспарланған. Осы жылдың соңына дейін «Қайрат» шағынауданындағы 260 орындық мемлекеттік балабақшаның құрылысы аяқталады.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.