Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Түрксіб ауданында мектеп автобустарының саны артады

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуде оқушыларды тасымалдау жоспары туралы баяндады.

Оның айтуынша, Түрксіб ауданында бүгінде 8 мектеп автобусы 6 мектептің оқушыларын тасымалдайды (№20, 32, 89, 115, 162, 195). Жаңа оқу жылының басынан бастап 10 мектептің 2 мыңнан астам оқушысын қамту үшін автобустардың санын 22 бірлікке дейін арттыруды жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, «Мектеп автобусы» жобасы 2023 жылы Алматыда әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қолға алынды. 2024 жылы тағы 100 автобус сатып алып, мегаполистің қосымша 27 мектебін қамту көзделіп отыр.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

18 қантар 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.