Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Түрксіб ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатыр

Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының тиімділігін ескере отырып, Түрксіб ауданына қосымша 875 млн теңге бөлінді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты.

«Аталған қаражатқа 56 жобаны, оның ішінде жалпы пайдалану орындарын абаттандыру, балалар мен спорт алаңдарын жайластыру, жарықтандыру желілерін салу жобаларын іске асыру жоспарлануда. Анықтама үшін: бөлінген қаражат шеңберінде (813,3 млн теңге) жыл басында 26 жоба іске асырылатын болады. Қосымша қаражатты ескере отырып, жалпы аудан бойынша 82 жоба іске асырылады», - деді Ерболат Досаев.

 

Дереккөз: Almaty.tv

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.