Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Түрксіб ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы қалай жүзеге асырылуда

2022 жылы ауданда 800 млн теңгеге 28 жоба іске асырылған.

Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданы түрғындарымен кездесіп жатыр. Кездесу барысында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 2022 жылы ауданда 800 млн теңгеге 28 жоба іске асырылғанын мәлімдеді.

Оның шеңберінде ортақ пайдаланудағы 14 орын, 10 балалар және спорт алаңдары абаттандырылды, 4 контейнер алаңы қазылып орнатылды. Осы жылы Түрксіб ауданында 91 жобаны іске асыру жоспарланған.

«Менің тапсырмам бойынша «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыруға биыл қаланың барлық 8 ауданына қосымша 7 млрд теңге бөлінді, оның ішінде сіздердің ауданға 875 млн теңге бөлінді», – деді Ерболат Досаев.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.