«Қайрат» шағынауданында ұзындығы 2,7 км жол салу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты.
«Жол салу жұмыстарын осы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Ауданда 18 көшедегі ұзындығы 24 км жолды орташа жөндеуден өткізу жоспарлануда. Қалалық басқару жүйесін децентрализациялау аясында биылдан бастап жолды ағымдағы жөндеуді аудан әкімдіктері жүргізуде. Түрксіб ауданындағы 40 мың м2 астам магистральды көшелерді (Рысқұлов даңғылы, Майлин көшесі, Бекмаханов көшесі, Сүйінбай даңғылы және т.б.) ағымдағы жөндеуді қамтамасыз ету үшін 500 млн теңге бөлінді», - деді қала әкімі.
Дереккөз: Almaty.tv