Алматы қаласының келесі санаттағы кезектегілер қатарынан өтеусіз және қайтарымсыз негізде 1 млн. теңге мөлшерінде тұрғын үй сертификаттарын беру жалғасуда:
1 және 2 топтағы мүгедектер;
мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар;
жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
көпбалалы отбасылар.
Сертификаттар "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында "Шаңырақ" және "Бақытты отбасы"бағыттары бойынша пайдаланылуы мүмкін.
Бүгінгі таңда 339 тұрғын үй сертификаты мақұлданып, берілді.
Дереккөз: Алматы қаласының тұрғын үй саясаты басқармасы