Аудан әкімдігі Алматы қаласының қалалық мобильділік басқармасымен, сондай-ақ мердігер ұйымдармен бірлесіп Төле би көшесінің құрылыс учаскесін аралап шықты.
Ағымдағы жылы Карьера көшесінен Алатау даңғылына дейінгі жол құрылысы жоспарланған.
«Алма Сити Е3» ТК тұрғындарының өтініштері бойынша Алатау даңғылынан Жүнісов көшесіне дейінгі учаскедегі уақытша қозғалыс сызбасы қайта қаралатын болады.
Ақпарат телефоны: 305-38-08
Дереккөз: Наурызбай ауданы әкімінің аппараты