«Алматы су» МКК апаттық бригадасы D -500 мм құрайтын магистральдық су құбырында апаттық қалпына келтіру жұмыстары жүргізуде.
Герцен көшесі арқылы өтетін магистральдық су құбыры 1962 жылы пайдалануға беріліп, қаланы сумен қамтамасыз ету мақсатында 60 жыл жұмыс істеп тозығы жеткен.
21 сәуір сағат 16:00 ден бастап Рысқұлов даңғылындағы батыс бағытына қарай орналасқан Герцен көшесінің қиылысымен көліктердің жүру бөлігінің екі жолағы уақытша жабылады.
Келесі шаршы көшелердің қиылысында орналасқан әкімшілік ғимараттар мен тұрғын үйлерге су беру уақытша шектеледі:
Сүйінбай-Рысқұлов даңғылы -Шемякин-Хмельницкий, Рысқұлов даңғылы - Парковая - Құлыншақ - Бәйшев
21 сәуір күні сағат 23:00-ге дейін су беру жоспарлануда.
Төтенше жағдайды жоюға 12 техника жұмылдырылды.
Алматы қаласының қолданыстағы желілері мен нысандары айтарлықтай тозығы жеткен. Су құбыры желілерінің ұзындығы 3528 шақырымды құрайды, оның ішінде 1941,2 шақырымына қайта жөндеу жұмыстары қажет. (жалпы ұзындығы 55,8% ).
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
Диспетчерлік қызмет 274-66-66, +77718529101
Дереккөз: «Алматы Су» МКК