Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров хабарлады.
COVID-19 коронавирусының пандемиясы жалғасуда. Осы дерттен бөлек, қала стационарларына пневмониямен науқастанған пациенттер де түсуде.
«Жыл басынан бері пневмониямен ауырған 6175 пациент емделді, - деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы. - Бүгінде жағдай тұрақталды. Аурухана жатқызылатындар саны 2 есе азайды және тәулігіне 133-тен аспайды».
Пневмониямен емханаға келген науқастардың саны ағымдағы айда екі есе азайған (480 шағымданушы).
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі