25 тамыздан бастап қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өткізу қабілетін арттыру мақсатында Солтүстік айналма көшесінің Москвин көшесінен солтүстікке қарай жүретін бөлігінде («Адем» СҮ) оңтүстік бағыттағы көліктер үшін бұрылуға тыйым салынды.
Алматы қалалық мобилділік басқармасының ақпаратына сәйкес, Москвин көшесінен бұрылу қарастырылған («Адем» СҮ мен «Байсат» СҮ арасында), оның қиылысында жаңа бағдаршам орнатылады.
Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі