Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Сайлау кезінде мүмкіндігі шектеулі жандарға инватакси қызмет көрсетеді

Дауыс беру күнінде 253 учаскеге пандус орнатылмақ.

Сайлау кезінде мүмкіндігі шектеулі жандарға инватакси қызмет көрсетеді. Бұл туралы ОСК жанынан құрылған жұмыс тобы мәлімдеді.

Дауыс беру күнінде 253 учаскеге пандус, тағы 525 ғимараттың кіре берісіне тактильді белгі орнатылмақ. Учаскелердің 95,2 пайызында мүгедектерге арнап арнаулы бұрыш жабдықтау жоспарланып отыр. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы қазіргі таңда қазақстандықтардың жекелеген санаттарына онлайн дауыс беру мүмкіндігі қарастырылып жатқанын атап өтті.

«Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының ережесін және жұмыс тобының жаңа құрамын бекіттік. Жұмыс тобының құрамына 19 адам кірді, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғалар бар. Біздің мақсат –  мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еш кедергісіз сайлауға қатысуына жағдай жасау», – деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.