Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Сағынтаев алматылықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады

Алматы әкімі Б. Сағынтаев құттықтау сөздерін Twitter-дегі өзінің парақшасында жариялады.

Алматылықтарға жылы лебізін білдірген Бақытжан Сағынтаев қиындықтарды еңсере білуді және қуаныштар шуағын сезінуді тіледі.

«Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Барлық қиындықты бірге еңсеріп, қуанышқа себеп көп болсын. Туған қаламыз бен Отанға деген махаббатымызды өнегелі істеріміз және қол жеткізген биік жетістіктеріміз арқылы көрсетейік», — деп жазды Алматы әкімі.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.