Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

С. Құсайынов Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Серік Досымханұлы Құсайынов Алматы әкімінің өкімімен Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Серік Досымханұлы Құсайынов 1964 жылы Алматы облысында туылған. Қызыл Ту орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын және РФ Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған, мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі.

Мемлекеттік басқару жүйесінде едәуір жұмыс тәжирибесі бар.

Түрлі жылдары Алматы қаласының коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында шебер, бас инженер, басқарушы директор болып жұмыс істеген, қаланың Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы, Алмалы ауданының әкімі болып қызмет атқарған. Алматы қалалық мәслихатының депутаты, VI шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланған. Осы тағайындауға дейін Алматының Алмалы ауданының әкімі болып жұмыс жасады.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.