Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Президент Жолдауын жүзеге асыру Алматыда кәсіпкерлікті дамытуға серпін береді

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ШОБ-ты жан-жақты қолдау және пандемияның жағымсыз экономикалық салдарын еңсеру үшін барлық қажетті шараларды қабылдау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Оның ішінде, Президент қазақстандық өңдеу өндірістерін шикізатпен толық қамтамасыз ету үшін реттеуші тетіктер әзірлеуді тапсырды.

«Біз бұл өзгерістерді қатты күтеміз, өйткені қалада өңдеу саласындағы тамақ өнеркәсібі шамамен 40% құрайды. Шикізатты батыс өңдеу компаниялары таргеттейді және олар тиімді бағада сатып алуға дайын тұратындықтан, кәсіпорындар қиындықтарға тап болады. Егер заңнамада тиісті регламенттеуші өзгерістер енгізілсе, ал бұндай өзгерістер төтенше жағдай кезінде енгізіліп, сол кезде біздің компаниялар тиімді бағамен шикізатқа қол жеткізген болатын», — деді Еркебұлан Оразалин.

Ақпарат көзі: Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.