Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

ПИК Алматы аулаларындағы қарды қалай тазалауы керек

Алматыдағы көппәтерлі үйлердің тұрғындары қыс маусымына тән проблемаларға жиі тап болады: қатып қалған қар, кіреберістегі асфальттың көктайғаққа айналуы және шатырдан салбырап тұрған мұз. Осының бәрін ПИК қызметкерлері тазалауы тиіс. Алайда, іс жүзінде бұл мүлдем жасалмайды немесе тиісті деңгейде емес, деп жазады krisha.kz.

Қарды қашан жинау керек?

Егер қар күндіз жауса және ол қалың болса (жаңа жауған кезде 2 см астам), онда тазалауға қар жауа бастағалы бір сағаттан кешіктірмей кірісу керек. Қар жауып болғаннан кейін аулалар бір тәуліктен кешіктірілмей әрі асфальтқа дейін тазартылады.

Жаяу жүргіншілер мен көлік жүретін учаскілерде қарды тегіс тығыздалған негізге дейін тазалау керек. Кейінірек жолдарды мұз қатпас үшін бәрібір жақсылап тазалау қажет болады.

Қар қопарғыш-қопсытқыштардың көмегімен тазартылады. Егер аулада көктайғақ пайда болса, құм немесе қиыршық тас себіледі.

Аулада қар қалдыруға бола ма?

Болады, тек көліктер мен жаяу жүргіншілер өтетін жолдар, аулада орналасқан инженерлік коммуникациялар мен құрылыстарға кіретін жерлер, үйдің іргесі бос болуы тиіс. Ал тұз қоспаларымен ластанбаған қарды гүлзарда қалдыруға болады. Бірақ жасыл желектерді зақымдамау үшін, мұқият болу керек. Айтпақшы, қарды жинау кезінде еріген қар суын бұру қарастырылуы қажет.

Шатырды мұздан қалай және қашан тазарту керек?

Жаяу жүргіншілер аймағы жақтағы шатырлар күндіз тазартылып, қоршаулар орнатылуы тиіс. Мұзды көше жаққа қарай құлатуға болады, ал аулаға құлату үшін алдымен жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шаралар қолға алынуы керек.

Құлатылған мұз жиналып, жолдың қозғалыс бөлігінің шетіне шығарылады, үйіндіні сол жерден жол жұмысшылары алып кетеді. Қар, мұз, қоқысты су ағызатын құбыр шұңқырларына тастауға мүлдем тиым салынады.

Жеке үйлердің ауласындағы қарды тазалау кезінде, оны өз учаскесіне жинау керек. Қақпаға іргелес аумақты тазалауда қар, мұз кесектерін тротуарға немесе қозғалыс бөлігіне лақтыруға тыйым салынады. Жеке үй қоршауынан 30 см аспайтын қашықтықта қар үйіндісін жинап қоюға болады.

Егер ПИК аталған міндеттерді тиісті деңгейде атқармаса, үй тұрғындары алдымен мәселені шешу үшін жиналыс өткізе алады – мүмкін аула тазалаушының еңбекақысын көтеру қажет шығар. Алайда материалдық қаражат жеткілікті, мәселе жұмыстан жалтаруда болса Алматы қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына шағым жазу керек.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.