Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар салықты SMS арқылы төлей алады

Бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеу қолжетімді әрі оңай бола түсті. KCell мен Beeline ұялы байланыс операторларының пайдаланушылары БЖТ-ны SMS арқылы төлей алады.

Төлем жасау үшін 5505 нөміріне «gorodesp ЖСН» (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін) және «seloesp ЖСН» (басқа елді мекендердің тұрғындары үшін) мәтіні бар SMS жолдау қажет. Мысалы: gorodesp 1234567890

Төлем кезеңі ағымдағы ай болады. Комиссия 100 теңгені құрайды. Астана, Алматы, Шымкент, сондай-ақ облыс орталықтары үшін төлем мөлшері 1 АЕК құрайды, 2019 жылы ол 2 525 теңге. Барлық басқа елді мекендердің тұрғындары үшін БЖТ мөлшері 0,5 АЕК немесе 1 262,5 теңгені құрайды.

Бірыңғай жиынтық төлем табыс алу мақсатында қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғаларға арналған. Олар мынадай шарттарды сақтауы тиіс:

  1. жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбау;
  2. жеке тұлғалар үшін қызмет көрсету.

Бұл ретте күнтізбелік жылдағы шекті табыс жылына 1 175 АЕК (2019 жылы - 2 миллион 966 мың 875 теңге) аспауы тиіс.

БЖТ мынадай азаматтарға қолданылмайды:

  1. сауда ойын-сауық орталықтарының аумағында қызметтер көрсететін;
  2. жеке практикамен айналысатын;
  3. тұрғын үйді қоспағанда, үй-жайларды жалға беретін;
  4. оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар болып табылатын;
  5. жеке кәсіпкер (ЖК) ретінде тіркелген.

Сондай ақ Бірыңғай жиынтық төлемді банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банктік шотына аударуға болады.

Ақпарат көзі: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсы

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.