Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Новое приложение Almaty City App запустят до конца текущего года

Almaty City App жаңа қосымшасы цифрлық форумда таныстырылды

Кездесу алдында делегация басшылары, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев робототехника және цифрландыру саласындағы заманауи шешімдер қойылған көрмені аралап көрді.

Алматыда «Digital Almaty 2024: Индустрия Х – болашақтың цифрлық эволюциясы» цифрлық форумы аясында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтті, оған ЕАЭО елдерінің премьер-министрлері мен Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының басшысы келді. Кездесу алдында делегация басшылары, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев робототехника және цифрландыру саласындағы заманауи шешімдер қойылған көрмені аралап көрді.

Алматы әкімдігі Almaty-Smart Сity тұжырымдамасын ұсынды, ол азаматтарға арналған цифрлық сервистерді құру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, басқару шешімдерін қабылдау тиімділігін жақсарту және инженерлік инфрақұрылымды цифрландыру жөніндегі жобаларды қамтиды.

Қаланың Цифрландыру басқармасының басшысы Жаңабек Олжас Нұржанұлы Almaty City App жаңа қалалық қосымшасын таныстырды.

«Almaty City App қалалық цифрлық сервистерді көрсету үшін Бірыңғай терезе болады. OpenAlmaty (Алматы әкімдігінің Қоғамдық қабылдау бөлмесі) сынды сервиздің Ахуалдық орталығының ашық модульдері, VisitAlmaty [Алматыдағы туристерге арналған қосымша) біздің қаламыздың тұрғындары үшін бір рет басу арқылы қолжетімді болады», - деді Жаңабек Олжас Нұржанұлы.

Алматы-Smart City-ді дамытудың басты жобасы қаланың Цифрлық егізі (Digital Twin) болып табылады, ол болашақта неғұрлым ақылды және тиімді қалалық кеңістік құру үшін қалалық инфрақұрылымды модельдеуде, талдауда және басқаруда негізгі құралға айналады.

Анықтама: өткен жылдың 9 айында Алматының ЖӨӨ $32 млрд құрады, оның ішінде $1,7 млрд коммуникациялық технологиялар саласына тиесілі.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

05 ақпан 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.