Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

«Несиені жапсаңыз, үй аласыз»: Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Тұрғын үй заңына сәйкес баспана тек кезек тәртібімен беріледі.

 «Несиені жапсаңыз, үй аласыз». Осындай желеумен Алматы әкімдігінің атын жамылып, тұрғындарды алдайтын айлакерлердің саны күрт артқан. Сондықтан, қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы дабыл қақты.

Олардың құрығына түсіп қалмау үшін бірнеше жәйтқа назар аудару қажет. Белгілі болғандай, айласын асырмақ болғандар халықты басындағы несиесін өтеген жағдайда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер берілетінін айтып, алдайды. Жауапты басқарма егер осы тектес қоңырау түссе, бірден тәртіп сақшысына хабарласуына сұрайды.

«Егер сіз пәтер алу үшін кезекте тұрсаңыз, www.kezekte.kz сайтына кіріп ЖСН теру арқылы мәлімет алуға болады. Сондай-ақ 225-14-37, 225-14-52, 225-14-57 телефонына хабарласып, сұрай аласыз», – деді Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін ешқандай несиелік тарих және банк, қаржы ұйымдарындағы қарыз есептелмейді. Егер кезек келіп, пәтер алып жатсаңыз ғана, мамандар тиісті құжатға қол қою үшін шақырады. Тағы бір мәселе, тұрғын үй заңына сәйкес баспана тек кезек тәртібімен беріледі.

«Пәтер кезегін білу үшін бізге қоңырау шалады. Көріп, нақты мәлімет айтамыз. Ал тұрғынның кезегі келсе, келісімшартқа қол қою үшін өзіміз хабарласамыз. Қазір тұрғындарға түсіндірме жұмысын жүргізіп жатырмыз. Алматы қаласы тұрғындарынан «алаяқтардың алдауына сеніп қалмаңыздар» деп ескертеміз», – деді Ғалымжан Әбдішүкірұлы.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.