Құрметті алматылықтар!
«Қазгидромет» болжамына сәйкес, Алматы қаласында 5 наурызда сағат 4:00-ден бастап қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады.
Қар жауған кезде коммуналдық қызметтер қар тазалау жұмыстарын жедел және сапалы жүргізуі үшін автокөлік жүргізушілерінен түсіністікпен қарап, қалада көлік қозғалысын мүмкіндігінше шектеуді, жол жиегіне жеке автокөлікті қоймауды өтінеміз. Жеке көлікпен жүру аса қажет болған жағдайда, жүргізушілерді апат туындау қаупі жоғары болуына байланысты жылдамдықты азайтуға, автокөліктер арасындағы қашықтықты арттыруға және күрт маневр жасамауға шақырамыз. Жаяу жүргіншілер де сақ болғаны жөн.