Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Наурызбай ауданының көлік бағыттары жаңа автобустармен толықты

Алматы әкімдігі қоғамдық көлік сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлуде. Наурызбай ауданының тұрғындары үшін 3 бағытта жылжымалы состав жаңартылып, күшейтілді, деп хабарлады әкім Ерболат Досаев.

Мәселен, №15, 47, 119 бағыттарда автобустар саны 52-ден 57-ге дейін өсті.

"Сондай-ақ, желтоқсанға дейін Наурызбай ауданына қызмет көрсететін №50 - 10-нан 20-ға дейін, № 118 – 23-тен 25-ке дейін, № 212-14-тен 22-ге дейін 3-бағыты күшейтіліп, жаңарады", - деді әкім.

Еске салсақ, ағымдағы жылы Алматыда коммуналдық автопарк 600 газ автобусы мен 100 троллейбус сатып алды. 100 автобус қалаға келді және құжаттар ресімделгендіктен желіге шығады. Жаңа жылжымалы бірліктер келіп түскен сайын неғұрлым талап етілетін бағыттар жаңартылып, күшейтілетін болады.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.