Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Наурызбай ауданында Г-тәрізді тротуар салынды

Сондай-ақ 34 жарық тірегі орнатылды.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша 2023 жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Абай даңғылынан №208 мектепке дейін «Қарғалы» өзенінің бойында ұзындығы 360 метр, ені 2,5 метр Г-тәрізді тротуар салынды. Сондай-ақ 34 жарық тірегі орнатылды.

Тротуар салу туралы ұсынысты ата-аналар 2023 жылы қала әкімі Ерболат Досаевтың Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтқан болатын.

Айта кетерлігі, мектеп Абай даңғылы мен Ілтипат көшесінің арасына орналасқан. Мектепке жету үшін оқушылар бүкіл жеке секторды айналып өтуге мәжбүр болды.

Еске салсақ, 2022 жылдың қарашада Наурызбай ауданында 1500 оқушыға арналған №208 мектеп пайдалануға берілген еді.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.