Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Наурызбай ауданында ауыз су мәселесі қалай шешіледі

Алматының Наурызбай ауданында тұрғындарды сапалы және үздіксіз сумен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарымен кездесуде айтты.

"Ақжар шағынауданының 35 мың тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Ақсай негізгі су көзінің құрылысы аяқталғанға дейін осы жылдың наурыз айында Алатау даңғылы мен каскадты сорғы станциясы бойынша магистральдық су құбырының құрылысын бастадық. Бұл жобаны маусым айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді қала әкімі.

Оның айтуынша, Ақжар, Қарағайлы, Тастыбұлақ және Таусамалы сияқты 4 шағынаудандарда сумен жабдықтау және кәріз желілерін жобалау жұмыстары жалғасуда. Нәтижесінде, 2025 жылдың соңына дейін 335 км сумен жабдықтау және кәріз желілері салынады.

 

Дереккөз: Almaty.tv

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.