Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Наурызбай ауданында 56 трансформаторлық қосалқы станция жаңарады

Алматының Наурызбай ауданында 56 трансформаторлық қосалқы станция жаңарады. Бұл туралы мегаполис әкімі Ерболат Досаев айтты.

Оның айтуынша, 21 жаңа қосалқы станция орнатылып, 114,5 км электр желілері мен 35 трансформаторлық қосалқы станция жаңғыртылады.

"Электр желілерін жаңғырту Шұғыла, Ақжар, Таусамалы, Құрамыс, Рахат, Қарағайлы және Қалқаман шағынаудандарын қамтиды. Бұл тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге және авариялық ажыратуларды азайтуға мүмкіндік береді. Жұмыс мамыр айының соңында басталып, жыл соңына дейін жалғасады", - деді Ерболат Досаев.

 

Дереккөз: Almaty.tv

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.