Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Наурызбай ауданында 200 көше жөнделеді

Алматының Наурызбай ауданының барлық шағынауданында 200 көшені қамтитын 55 мың м2 жолды жөндеу жоспарлануда. Бұл туралы қала тұрғындарымен кездесуде мегаполис әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

Ол биылдан бастап жолдарды ағымдағы жөндеуді аудан әкімдіктері жүргізіп жатқанын атап өтті. Ал биыл жолды жөндеуге бөлінген сома 500 млн теңгеге дейін ұлғаяды.

Сонымен қатар, қалалық мобильділік басқармасы мамыр айында Ақжар және Шұғыла ш/а 25 көше бойынша 6 км жол сала бастады. Ақжар, Қалқаман, Таусамалы, Шұғыла шағынаудандары мен Абай саяжайларындағы 10 көшеге 3 тротуар жасалды.. Сондай-ақ, 16 көшедегі 14 км жолға орташа жөндеу жұмыстары басталды. Жұмысты аяқтау 2023 жылдың қараша айына жоспарланған.

 

Дереккөз: Almaty.tv

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.