Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Наурыз мерекесі жаңа форматта өтеді

Алматыда халықаралық  Әйелдер күні - 8 наурыз мерекесі  аяқталысымен бір ай бойына аталып өтетін «Наурыз-2018» мерекесіне дайындық шаралары басталады.Қайта жасалған көшелерде «Бауырсақ», «Наурыз көже»,  «Күріш» фестивальдері өтеді.Белсенділер  айдың соңына дейін жұмыс  істейді. 
Негізгі мерекелік шаралар мегаполистің бірнеше алаңдарында 22 - 25 наурыз аралығында сағат таңғы 10:00-ден кешкі  21:00-ге дейін өтеді. 

Мысалы, Астана алаңында жыл сайынғы дәстүрлі үлкен мерекелік концерт, ұлттық ас мәзірі фестивалі өтеді. Жалпы, бұл күндері алаңда 6 киіз үй тігіледі, 14 инсталляция («кереге құрақ», «қос», «абылайша») орнатылады, балалар және спорт орындары, Орта Азияның қолданбалы өнер шеберлерінің шеберлік сыныптары үшін 17 аймақтар, сауда шатырлары,  фудкорттар,1200 орынды көрермендер трибунасы ұйымдастырылады. Негізгі мерекелік концертке  ТМД-ның 6 елінен және Түркиядан 500-ден астам артистер мен 1500 еріктілер қатысады. Мереке фейерверкке ұласады. 

Мереке жаңарған Панфилов және Жібек Жолы  көшелерінде  22-  25 наурыз күндері сағат таңғы 10:00- кешкі 22:00 аралығында өтеді, бұл күндері аталған көшелерге 120 000-ден астам адам шығады деп күтілуде. 

Атап өтерлік жайт, 2016 жылы көпұлтты «Наурыз» өтінімі ЮНЕСКО-ның материалды емес мәдени мұрасының репрезентативті тізіміне енген-ді. Бұл бастамаға 12 ел  қолдау білдірді, олар: Иран, Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан,Ирак,Түркменстан және Тәжікстан, бұлардың  өкілдері жаңарған Панфилов көшесінде  киіз үй тігу, қыш, керамика, киізден, мехенеден бұйымдар жасау бойынша ше арнайы шберлік сын.ыптарын өткізеді,сонымен қатар алтын жіппен бұйым тігу, ортеке, шырдақ, зергерлік  бұйымдар мен шыны жасау шеберліктері де ұсынылады. Бұлардан өзге театрландырылған  «Көш керуені» ұйымдастырылады. 

22 наурызда Жүргенов академиясы жанындағы сахнада өтетін концерттік бағдарламада ҚҰӨА студенттері өнер көрсетеді,  сонымен қатар қаланың жоғары оқу  орындары арасында  «Ән бәйге» атты авторлық ән конкурсы, «Биле-биле»  көңіл көтеретін шара мен «Әз Наурыз Алатау алабында» атты театрландырылған қойылым болады. 

24 наурызда Жібек Жолы көшесі бойындағы сахнада  «Наурыз-Думан» өтеді,мұнда сағат 11:00 ден 17:00-ге дейін ҚР Суретшілер Одағы шеберлері мен жас суретшілердің біріккен пленэрі ұйымдастырылады, сағат 19:00-21:00 аралығында – «Open air cinema» өтеді, яғни Ш. Аймановтың ретроспективті кинолары мен Қазақстанның материалды емес мәдени  мұрасы болып табылатын «Қыз Жибек», «Ортеке», «Киіз басу», «Қорқыт Ата мұрасы: Эпикалық мәдениет және музыка», «Қазақтың зергерлік бұйымдары», «Кесте», «Асық ату» және басқа  фильмдер көрсетіледі. 

 25 наурызда сағат 11:00-13:00  аралығында алаңда буккроссинг —  мәдени мұра мен кітап көрмесі ұйымдастырылады. Сағат 14:00-17:00  аралығында- «Кітап Fest», сағат 19:00-21:00 аралығында – «Open air cinema» өтеді, бұларда  «Керамика өнері» (Өзбекстан), «Жібек тоқу» (Өзбекстан), «Аспалы арқанмен жүру» (Өзбекстан), «Көк бөрі» (Қрығызстан), «Салт- дәстүр  әндері» (Қырғызстан), «Монғолдың дәстүрлі  үстел ойындары» (Монғолия), «Моринхур — монғолдың қыл пернелі  аспабы» (Монғолия), «Салт- дәстүр  әндері»  (Тәжікстан)  және  басқалары  ұйымдастырылады. 

22 наурызда  Атлеттер ауылында  мерекелік бағдарлама болады, онда спорт секциялары мен «Disco стиліндегі Наурыз» концертіне қатысушылар үшін түрлі ұтыстар  мен байқаулар  өтеді.  Белсенділікті  аттыру мақсатында қазақ күресінен, джиу-джитсудан, таэквондодан, каратэден, бокстан жарыстар  ұйымдастырылып, спортшылар түрлі әдістерді көрсетеді. Аталған сайысқа ниет білдірушілер де қатыса алады. Шахматтан, тоғыз құмалақтан шеберлік сыныптары өтеді, хореография студиялары қара жорға, қамажай  және басқа билерді ұсынады, би батлы бойынша флешмоб  ұйымдастырылады. Музыкалық студия үзілістер кезінде домбырадан күй шертеді, хоккей академиясы нағыз хоккей матчын өткізеді. Бұлардан өзге топтық жарыстар да өтеді, олар: эстафеталар, стол теннисі, үрленген батут, армреслинг, арқан тарту, обруч, арқанмен секіру,асық ату, аниматорлардың қатысуымен түрлі шаралар, белсенді интерактив:  шыңға өрмелеу,   садақ ату, боулинг, дартс және басқалары. Суретке түсуге мүмкіндік беретін зоопарк те болады, отты шоу ұсынылып, иллюзионистер, фокусшылар өнер көрсетеді, ауа шары болады. Жеңімпаздарға ұйымдастырушылар сыйлықтар тапсырады. 

22 наурызда «Алматы Арена» маңында «Наурыз – бүкіләлемдік мәдени мұра» бағдарламасы өтіп, оның құрамында «Әлем халықтарының ас мәзірі фестивалі ұсынылады, қолөнершілер жәрмеңкесі, балалар  аймақтары,«Асық» жарысы, спорттық сайыстар келушілерді күтеді.  Аспаздық  шеберлік сыныптарында шетелдік қонақтар ас пісірудің қыр- сырын ұсыцнады, Әзірбайжан  лавашта күріш пісіруді,пахлава мен боялған жұмыртқаны,Түркия  шпинатты беректі, лукумды, Түркменстан чуректі,пишмені, чападты, күлшені, тәттілерді, Ауғанстан жеті жемістің  компотын, Өзбекстан сумаляк пен «Наурыз көжені», Иран боялған жұмыртқалар мен құрғақ жемістерді, шашлыкты,Тәжікстан тәті күрішті, Үндістан «тандай» сусынын, Азия ас мәзірі  wok-кеспені, ұйғырдыңасын,грузиннің хачапуриін, шашлыктарын, ал қазақтың ас мәзірінен «Наурыз көже», бауырсақ, Қаттама ұсынылады. Бұлардан өзге, «Almaty Art Center»  алдына сауда алаңы ұйымдастырылып, онда қонақтарға "Qazaq Oner" орталығының ұлттық сувенирлері, киімдер,  музыка аспаптары ұсынылады. 

23 наурызда  «Алматы Аренада» «DIDCO стиліндегі Наурыз» атты  үлкен концерт өтеді, онда  әлемге танымал BACCARA, KEVIN MCCOY EX BAD BOYS BLUE, LONDONBEAT, OTTAWAN, SOUNDS OF BONEY M SHEYLA BONNICK, SECRET SERVICE, JOY, ARABESQUE ORIGINAL MICHAELA ROSE  және басқалары өзнер көрсетеді. 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.