Ағымдағы жылдың 16-18 қаңтар аралығында Алматы қаласы ТЖ Департаментінің базасында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының өкілдерімен 13 сағаттық сабақ өткізілді.
Оқытудың мақсаты «Азаматтық қорғау туралы» Заңды, ҚР ТЖМ бұйрықтарын зерделеу, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде дұрыс және жедел іс-қимылдарды үйрету болып табылады.
«Мұндай сабақтар біз үшін, балабақша қызметкерлері үшін өте қызықты және пайдалы", - деді «Disneyland`s Almaty» балабақша директорын Белякова Наталья. - Оқу тұрғысынан ғана емес, білім тұрғысынан да! Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері бізге 4D оқу плакатын ұсынды, онда картиналар «тіріледі», бұл бізге балаларға жер сілкінісі мен өрт кезіндегі іс-әрекеттерді үйретуге ғана емес, оны ары қарай іс жүзінде бекітуге мүмкіндік береді. Менің ойымша, өте пайдалы курс өттік, мұндай іс-шараларды болашақта балабақшада өткіземін».
Тыңдаушылар өз қалауы бойынша сахнаға шығып, дәрігерлер мен зардап шеккендердің «рөлдерін» ойнады. Кейбіреулер аяқтары мен қолдарына вакуумдық шиналар қойды, ал басқалары оларды соруға көмектесті; біреу шартты жәбірленуші гошу манекенін жандандыруға тырысып, жанама жүрек массажы мен жасанды тыныс алды.
Сонымен қатар, оқу барысында тыңдаушылар газқағарларды кию тәртібінің дағдыларын пысықтады, құрылымдық емес сейсмикалық күшейту және «дабыл чемоданын» жинақтау туралы білді.
Алынған ақпаратты бекіту үшін өмір қауіпсіздігі бойынша оқыту бейнероликтерін қарау көрсетілді, сондай-ақ брошюралар мен жадынамалар түріндегі көрнекі құралдар таратылды.
Дереккөз: Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті