Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Мектеп оқушыларына 6 сәуірге арналған телесабақтар кестесі

Коронавирустың таралуымен күресу шараларын күшейту аясында университет пен колледж студенттерін қашықтан оқыту туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, 6 сәуірден бастап орта мектепте оқу процесін жалғастыру үшін «Балапан», «Ел Арна» және «Алматы» телеарналарында бейнесабақтар көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігі Bilimland, Daryn online, Kundelik.kz сияқты платформалардың білім беру контентін тегін пайдалану туралы келісімге қолжеткізді. Сондай-ақ, ҚР БҒМ Қазақ радиосы радио арналарымен келісім жасады.

Білім басқармасы «Almaty» телеарнасымен бірлесе отырып, 9 және 11 сынып түлектері бағдарламалық материалдарды сәтті игеру үшін жаратылыстану-математикалық бағыттағы сабақтардың жазбасын жүргізбекші, олар телеарна эфирінде көрсетіледі.

Төменде телеарналардағы сабақ кестесі берілген.

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.