Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Мегаполисте кейбір маршруттардың қозғалыс схемасы өзгереді

Әл-Фараби даңғылының Рысқұлбеков көшесінен Дулати даңғылына дейінгі бөлігінде жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 3 шілде күні келесі маршруттардың қозғалыс схемаcына уақытша өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайдыі Алматы қалалық мобильділік басқармасы.

- №38A маршрут — оңтүстік бағытта (айналма жолмен) — Мұстафин көшесі — Саин көшесі (айналма жолмен) — одан әрі схема бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз;

- №119 маршрут — солтүстік бағытта — Асқаров көшесі — Садықов көшесі — Саин көшесі — далее по схеме, одан әрі схема бойынша, кері бағытта — өзгеріссіз.

Сондай ақ, Әйгерім-2 ықшамауданында жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 3 шілдеден бастап жұмыстар аяқталғанға дейін №102 маршрут сызбасына да уақытша өзгерістер енгізіледі:

-солтүстік бағытта- Шұғыла көшесі- Әлмерек абыз көшесі - Қожаханов көшесі- Бенберин көшесі- одан әрі схема бойынша;

- оңтүстік бағытта- Бенберин көшесі - Қожаханов көшесі- Әлмерек абыз көшесі- Шұғыла көшесі- одан әрі схема бойынша.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.

 

Дереккөз: Almaty.tv

 

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.