Уақыт өзгеруіне байланысты 2024 жылғы 29 ақпан мен 1 наурыз аралығында портал жұмысында қысқа мерзімді үзілістер болуы мүмкін.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Медеу ауданында 23 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеті жаңартылды

Бұл туралы Медеу ауданының әкімдігінде хабарлады.

Алматының Медеу ауданында ағымдағы жөндеу аясында 23 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеті жаңартылды.

Бұл туралы Медеу ауданының әкімдігінде хабарлады. Жұмыс «Самал-3», «Думан-2» шағынаудандарында, сонымен қатар, Достық және Абай даңғылдарында жүргізілді.

Қала көркіне көрік қосу үшін магистральдық көшелер бойындағы үйлердің қасбеті боялады. Бұған тарихи үйлер де кіреді.

Қасбетпен бірге, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Медеу ауданында 7 балалар алаңы абаттандырылып, тереңдетіле көмілген (жер асты) үлгідегі 22 қоқыс контейнері орнатылды.

2023 жылы Медеу ауданында барлығы 107 аула абаттандырылып, 56 тереңдетіле көмілген контейнер орнатылды. 2024 жылы 30-ға жуық үйдің қасбетін жөндеу жоспарланып отыр.

 

Дереккөз: Almaty.tv.

16 ақпан 2024

Сайтта қате таптыңыз ба? Сөзді немесе сөйлемді бөлектеңіз және CTRL+ENTER батырмаларын басыңыз
Егер сіз осы мәтін үзіндісінен қате тапсаңыз
қателерді түзету үшін «жөнелту» батырманы басыңыз. Сонымен қатар өз түсіндірмелеріңізді қосуға болады.